«Су тасқыны кезеңі қазіргі қолданыстағы жолдарда міндетті түрде су өткізу құрылыстарының болуы қажеттігін көрсетті. Қаншама жолдар шайылып кетті. Жиналған суды өткізіп жіберетін құбырлар салынғанда, жолдардың көпшілігін сақтап қалуға болатын еді», — деді Министрлер кабинетінің басшысы Үкімет отырысында.
Осыған байланысты Премьер Көлік министрлігі қолданыстағы инфрақұрылымды қайта қарауы керегін айтты.
«Сондай-ақ, жергілікті гидрогеологиялық жағдайды, жаңа технологияларды енгізуді және жобалық шешімдерді цифландыруды ескере отырып, жаңа жол-құрылыстарын жобалау кезінде нормативтерді жаңарту қажет», — деді Олжас Бектенов.