Іс-шараны ҚР Тұңғыш Президентінің музейі және Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубы музейдің «Балалық шақтан көзқарас» жобасы аясында Новосібір қаласының «Солярис» балалар-жасөспірімдер қоғамдық ұйымы, Ресей мәдениет қорының Новосібір филиалы, Новосібір мәдениет қорының қолдауымен ұйымдастырып отыр.
«Сүйемін сені, туған өлкем!» көрмесінде 2004 жылдан 2013 жылдар аралығында Новосібір қаласында (Ресей) өткізілген жыл сайынғы қалалық байқаудың ең үздік 100 жұмысы ұсынылады. Жұмыс авторлары - қала мен облыстың әртүрлі мекемелерінің (балабақшалар, балалар үйі, әртүрлі мектептер, лицейлер, гимназиялар, балалар шығармашылық үйлері, БӨМ және БКМ, институттар, қоғамдық ұйымдар және т.с.с.) балалары мен ересектері.
Бұл көрменің ерекшелігі, барлық халықтар мен Жер шары адамзаты үшін жарқын болашақты жақындатуға мүмкіндік беретін барлық күштер бірігуінің халықаралық символы Бейбітшілік және Мәдениет туы астында өтуінде.
Плакаттар авторлары өз жұмыстарында өмірімізді одан әрі жандандыра түсетін нәрселерді бейнелей отырып, өз көзқарастарын білдіреді.
Дәстүрлі түрде Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында өткізілетін «Сүйемін сені, Астана» фестивалі кезекті рет қатысушылар мен келушілерді қызықты шығармаларымен қуантатын болады. Сондай-ақ, фестивальге қатысушылардың ең үздік жұмыстарының авторларын марапаттау рәсімі өтеді, деп хабарлады ҚР Тұңғыш Президентінің музейінен