Егер сіз ванильді балмұздақты ұнатсаңыз, бұл сіздің мінезіңіздің қызба екендігін көрсетеді, сізді идеалист десе де болады. Ал шоколад балмұздағын таңдайтындар драматизмге, қылымуға әуес жандар болып табылады. «Пралине» кремі бар балмұздақты сезімге берік, сенімді адамдар таңдаса, ал шоколад ұнтағы қосылған балмұздаққа даукес жандар құмар.
00:03, 21 Шілде 2013
Сүйікті балмұздақтың түрі адамның мінез-құлқын көрсетеді - зерттеу
АСТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат - Әлемдегі танымал балмұздақ өндіруші Baskin-Robbins компаниясы адамның мінез-құлқы мен сүйіп жейтін балмұздақ түрлері арасында байланысты анықтау мақсатында зерттеу жүргізді, деп хабарлайды The Daily Mail газеті.