Жан түршіктірер қайғылы оқиға жайлы CBS телеарнасы хабарлады.
Монтана штатының тауларында шаңғы теуіп жүрген Хэйден мен Инге қар көшкініне ұшырайды. Хэйденді жарым-жартылай қар басып қалады, ал оның сүйіктісі тәжірибелі альпинист Инге жоғалып кетеді. Жанталаса қарды аршып Ингені іздеген Кеннеди таба алмайтынына көзі жеткен соң жылдам құтқару қызметін шақырады. Құтқарушылар қызды бір метрлік қар қабатының астынан тапқанымен оны ажалдан арашалап қала алмады.
Сүйіктісінің қайғысын көтере алмаған альпинист өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл жайлы журналистерге Хэйден Кеннедидің туыстары айтты.
2014 жылы Elevation Outdoors журналы Хэйден Кеннедиді «Ғаламшардағы үздік жас альпинист» деп атаған болатын. 27 жасында ол Жер шарының ең биік шыңдарына көтеріліп, көптеген рекордтарды жаңартқан еді.