Белгілі футбол ұйымы ҚР ұлттық құрамасының футболшысы Ғафуржан Сүйімбаевтың Дания қақпасына соққан голын үздік ондыққа кіргізді.
Еуропадағы әдемі 10 гол соққандардың арасында Оливье Жиру (Франция), Эмре Джан (Германия), Себастьян Руди (Германия) сынды танымал аяқдопшылар бар.
Еске салсақ, іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Даниядан 1:4 есебімен ойсырай ұтылған еді. Есесіне, «Қайрат» қорғаушысы Сүйімбаевтың 30 метрдей жерден шірене тартқан добы қақпа торын тулатқан-ды.