Кешке Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның танымал ғалымдары мен өнерпаздары қатысады деп жоспарланып отыр. Бұл кешті Халықаралық Түркі Академиясы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ұйымдастырылды.
Жетісу ақындарының алтын діңгегі, айтыс ақыны Сүйінбай Аорнұлы Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеген келген. Сүйінбай 13-15 жасынан ақындық жолын қуады. Баяғының неше алуан жыр-дастандарын, аңыз-қиссаларын жиын-тойларда жатқа айтып, өз жанынан да шығарады. Өлеңді серік еткен жыраудың 60 жылдан астам уақыт бойы тоқтаусыз шығарған жыр мұрасы ұшан-теңіз болған екен.
«Соққан желдей, аққан селдей» өрен жүйріктің ақындармен айтыстары, ел қорғаған ерлерге арнаған ұзақ жырлары, арнау, сықақ-сын, мінездеме, қағытпа өлеңдері, өмір туралы толғаныстары өте көп болған.
Өкініштісі, соның бәрі біздің дәуірімізге түгел жетпеген. Ал бізге жеткен туындылары Сүйінбайдың табан астында тауып айтатын ғажайып тапқыр, әділ де турашыл, даңғыл да дана ақын болғанын көрсетеді.
Сүйекеңді қазақ өлеңінің ғана емес, қырғыз елінің де атақты ақындары дара талант ретінде бағалаған. XIX ғасырдың екінші жартысында Жетісу жерінің өлең туын аспандатқан Жамбыл бастаған саңлақ таланттары Сүйекеңнің шәкіртіміз деп, ұлы ақынды пір тұтқаны да белгілі.