Жилет - салмағы 57 грамдық кішкентай пакет. XeroVest-ке түрлі экстремалдық жағдайларда аман қалуға мүмкіндік беретін материалдар мен әуе қалталарын үйлестіріп пайдаланған. Бұл суық жағдайларда денені жылы сақтай алады, сондай-ақ ыстық ауа райы кезінде ағзаны қалыпты температурада ұстауға жәрдемдеседі.
XeroVest жобасының басты ерекшелігі, оның құны. Басқа ұқсас бұйымдарға қарағанда XeroVest жеңіл, арзан әрі жайлы.
Қазір XeroVest Kickstarter платформасында қаражат жинауда, компания 9 долларға алдын ала тапсырыстар алып жатыр. Бұл ерекше кеудеше таяу күндері тұтынушыларға жеткізіле бастайды.