Свердловск облысында пойыз КамАЗ-ға соғылды
21:18, 02 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін күндіз Сверловск облысының теміржол өткелінде жолаушылар пойызы қалдықтар тиелген КамАЗ-ды соқты.
Түрлі дәрежедегі жарақаттар алған жүк көлігінің жүргізушісін жедел жәрдем қызметі жергілікті ауруханаға жеткізді. Устье-аха -Тавда бағдарымен келе жатқан пойыздың жолаушылары жарақаттанған жоқ.
Тергеу жүргізген құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, оқиға орын алған жерде шлагбаум болмаған.