Отандасымыз 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға дейін жеткен еді. Өкініштісі Светлана бұл кезеңде қытайлық Ю Чжанмен кездесіп, қарсыласына есе жіберді.
Енді қазақстандық спортшы қола жүлде үшін белдесуге шығады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Азия чемпионатында әйелдер күресінен Светлана Анкичеваның жартылай финалға өткенін жазған едік.