Светлана Жақыпова Риддер қаласының мысалында әкімдіктердің жұмысындағы олқылықтарды жасанды зейін қалай әшкерелеп отыратынын айтты.
- Жасанды зейін тәуекел аймақтарының факторларын да анықтайды. Мысалы Риддерде кірісі жоқ 141 отбасы бар. Әкімдер осы факторлармен нақты жеке жұмыс істеуі керек. Баспанасыз отбасылардың саны – 166. Әр санның артында белгілі бір отбасы тұр. Сондай-ақ, Риддерде отбасылардың басым бөлігінде зейнетақы жарналарын төлеуші жоқ екенін көруге болады. Бұл бейресми секторда жұмыссыздықтың деңгейі жоғары екенін айтып тұрған болуы мүмкін. Бұл әкімге қай бағыттағы жұмысты жетілдіру керектігін көрсетеді, - деді ведомство басшысы.
Бұған дейін Үкімет басшысы Олжас Бектенов жасанды интеллектінің көмегімен цифрлық шешімдерді интеграциялау қажеттігін айтты.