Swatch сағат шығаратын әлемдегі ірі компаниялардың бірі. Ол 2015 жылдың жазында өзінің Swatch Touch моделін жұртшылыққа ұсынуды жоспарлап отыр.
Swatch бас директоры Ник Хайек жаңа сағаттар оның иесі қанша адым жасағанын және қанша калорийді жойғанын есептеп бере алатынын жеткізді. Хайек сұхбаттарының бірінде сағатта Bluetooth-ы бар тағы бірнеше қызықты функция болатынын айтты. «Барлық ірі технологиялық компаниялар бізбен жұмыс істегісі келеді. Олармен кей салада серіктес бола аламыз. Алайда біз өзіміз де талай шаруаны атқара аламыз», - деді Swatch Group бас директоры.