Сянганда 82-ші үйлену тойына арналған жәрмеңке ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР Сянган арнайы әкімшілік районында кеше, 12 ақпанда 82-ші Сянган үйлену тойы жәрмеңкесі және тойға арналған жаңа тауарлар мен қызметтер таныстырылған Той киімдерінің бірінші көрмесі ашылды.

Жәрмеңке аумағы 8 аймаққа бөлінді. Олардың ішінде "Шетелдік той", "Той суреті", "Бал айы", "Той дастарханы" бөлімдері бар.

Шара 14 ақпанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Синьхуа.