Бүгінде өңірдегі шаруа қожалықтар мен жеке шаруалар сүт өндіруді біртіндеп қолға алуда. Сондықтан сүт шикізатының басым бөлігі қарапайым тұрғындардың еншісінде. Ағымдағы жылы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тұрғындардан 1125 тонна сүт қабылдау бойынша меже белгілеген еді. Қазіргі уақытта сүт қабылдау жұмыстары Озерка, Ертіс, Достық, Жиенәлі, Знаменка, Новобаженоважәне Приречный ауылдық округтерінде қолға алынды.
2018 жылғы қыркүйек айында 100 сиырға сүт-тауарлы ферманы іске қосу көзделуде. Жобаны аяқтау 2019 жылға жоспарланған.
«Нұр» ШҚ-да жаңа жоба іске асуда. «Аграрлық несиелеу корпорациясы» АҚ филиалының қаражаты есебінен 170,0 млн теңге сомасында жобаны қаржыландыруда.Шаруашылық құрал-жабдықтарды жеткізушімен келісімшартқа сәйкес, бүгінгі күні 100 сиырға арналған сүт қондырғысын жеткізіп және монтаждау жұмыстары жүргізілді»,-деді Нұрлан Шақабаев.
Сонымен қатар, өңір шаруалары асыл тұжымды мал өсіруге көп көңіл бөлуде. Мәселен, өңірде 124 қожалық мал басын асылдандыру бағытында жұмыс атқаруда. Семей өңірінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Ресей Федерациясына 350 бас ірі қара малын экспорттауды жоспарлауда. Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр.
Ет өнімдерін экспортқа Қытай мемлекетіне жеткізу де жоспарда.
«Биылғы жылы «Сыбаға» бағдарламасымен «Аграрлық несиелеу корпорациясы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы жеңілдетілген несиемен мал басын көбейту жұмыстары жалғасуда»,-деді бөлім басшысы.