Атап айтқанда 6 айда қаржы полициясы органдары 5 мың 921 қылмысты анықтаған, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 3 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбайдың айтуынша, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды анықтау 12 пайызға артып, есептік кезеңде бұл көрсеткіш 1 мың 709 қылмысты құрады. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстарын айқындау 11,5 пайызға өсіп отыр.
«Биылғы жылдың бірінші жартысында қаржы полициясы органдары 4 мың 129 қылмыстық істі сотқа жолдады. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 16 пайыз артық», деді ресми өкіл.