Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменттерінің басшылары тағайындалды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменттерінің басшылары бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының 13 маусымдағы Жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды.Бүгінгі күні жаңа органды қалыптастыру толығымен аяқталды. Ағымдағы жылдың 22шілдесінде Мемлекет басшысының Жарлығымен жаңа агенттіктің ережесі мен құрылымыбекітілді. Орталықта және аймақтарда басшылық құрамының барлығы тағайындалып,жемқорлыққа қарсы міндеттеріне толығымен кірісті», - деді аталған агенттіктөрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов.

Сонымен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратыныңжетекшісі қызметіне Қуаныш Жапақов тағайындалды. Ол осыған дейін түрлімемлекеттік органдарда басшылық қызметтерді атқарды.

Ал Алдын алу департаментіне басшы ретінде Анар Жарова бекітілді. Ол 20жылдан астам уақыт бойы құқық қорғау органдарында қызмет етуде.

Бұдан бөлек, Серіктестік департаментіне Лейла Йылдыз, Парасаттылықдепартаментіне Данияр Сабирбаев басшылық етеді. Д. Сабирбаев осы уақытқа дейінагенттіктің жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры лауазымынатқарды.

Мұнымен қоса, Стратегия және жедел басқару департаментін ЕсқалиСаламатов басқарды. Ол ұзақ жылдар бойы құқық қорғау органдарында қызмет етті.

Кадрлық жұмыс департаменті басшысы ретінде Нұрлан Жақсымбетовбекітілді. Өзіндік қауіпсіздік департаментіне Мұрат Қарымсақов жетекшілікетеді.

Еске салсақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанда Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды.