Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жаңа үш департамент құрылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытын күшейту үшін жаңа үш департамент құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттік төрағасы Алик Шпекбаевқа сілтеме жасап.

Агенттік басшысы Facebook-тегіпарақшасында агенттіктің жаңа құрылымы туралы айтып берді.

«Достар, Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігінің ережесі мен құрылысын бекітті. Оны дайындау кезінде бізжұмысы қылмыстық-құқықтық сипаттағы алдын алудың, ағартудың және шаралардыңұтымды үйлесуіне негізделген шетелдік сыбайлас жемқорлыққа қарсы барыншатабысты органдардың моделін негізге алдық.

Біздіңмиссиямыз – Қазақстан халқының игілігі үшін сыбайлас жемқорлықты жою. Бізазаматтарды және мемлекеттік институттарды сенімді қорғай білетін кәсіби, ашық,тиімді әрі нәтижелі құқық қорғау органының мәртебесіне толықтай сәйкес болуүшін, бастаған жұмысымызды жалғастырамыз. Бұл үшін әділдік, парасаттылық жәнесенім сияқты басты құндылықтарға сүйене отырып жұмыс жасаймыз», деп жазды Алик Шпекбаев.

Оныңайтуынша, агенттіктің жаңа құрылымынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алудыңбасымдылығы көрінеді, сондықтан осы бағытты күшейту үшін жаңа үш департаментқұрылған.

«Алдын алу департаментісыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізумен, жемқорлық себептері менжағдайларын, әкімшілік кедергілер мен бюрократтық рәсімдерді кезекті түрде жояотырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасаумен айналысады.

Парасаттылық департаментініңалдына сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқық танымын қалыптастыру,әдептілікке және сатылмаушылыққа баулу, сондай-ақ Агенттіктің жобаларынүйлестіру міндеттері қойылған.

Серіктестік департаментіжұртшылықпен, БАҚ-пен өзара іс-қимылға, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықмәселесі бойынша жауапты.Соңғы екі жаңа құрылымның ішкі резервтер есебіненқұрылғандығын атап кету керек», дейді АликШпекбаев.

Оныңпікірінше, жедел-тергеу блогы айтарлықтай күшейтілген. Жұмыс істеп тұрғанқұрылымдарға қосымша жаңа екі департамент құрылды, олардың міндеті квазимемлекеттіксектордағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау және тергеу болмақ.

«Бұлшешім мемлекеттің қатысуымен орасан зор қаражатты игеретін ұлттық холдингтер,компаниялар мен кәсіпорындардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлықты барыншаазайтудың стратегиялық маңыздылығымен түсіндіріледі», деп жазды агенттікбасшысы.

Жеке қауіпсіздік департаментінің жұмыс бағытының ауқымы кең. Егер ол бұрын жеке құрамарасында сыбайлас жемқорлықты анықтауға және жолын кесуге көбірек бағытталса,енді оның алдына Агенттік қызметкерлерінің жұмысында кездесетін сыбайласжемқорлық тәуекелдеріне кешенді мониторинг жүргізу міндеті қойылды.

«Жаңақұрылымда агенттіктің негізгі қызметін қамтамасыз ететін үш бөлімше көзделген.Стратегия және жедел басқару департаментіне стратегиялық жоспарлау функциялары,ұйымдастыру-талдау және кезекші бөлім жұмысы жүктелген. Кадр жұмысынұйымдастыру департаментінің қызметінде адами капиталды, оның ішінде үздіксізоқытудың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыру және жеке құрамның біліктілігінарттыру арқылы дамыту мәселелері басым болады», деп жазды Алик Шпекбаев.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлықты жою мемлекеттікаппаратта ғана емес, сонымен қатар бизнес қызметінде, әрбір қазақстандықтыңсанасында жүйелі өзгерістерді талап етеді.

«Біз өз жұмысымызда, бұрынғысынша, »жеделжеңістер« стратегиясын ұстанатын және азаматтық қоғам институттарымен,бизнеспен, бей-жай қарамайтын және белсенді адамдармен өзара іс-қимылда елеулінәтижелерге қол жеткізетін боламыз», дейді агенттік басшысы.

Соңғы жаңалықтар