Нұрлан Жақсымбетов бюджет қаражатын ұрлауды дер кезінде ескерту - оны қайтаруға көп күш жұмсаудан әлдеқайда тиімдірек екендігін атап өтті.
«Жалпы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жүргізген қылмыстық-құқықтық және алдын алудың кешенді жұмыстары 105 млрд теңгені жымқыру мен тиімсіз пайдаланудың алдын алуға мүмкіндік берді. Қарқынды жұмыс жалғасады. Бюджет қаражатының мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылау, сондай-ақ жымқырудың уақтылы жолын кесу мен залалды жедел өтеу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыттары болып қала береді», - деп атап өтті департамент басшысы.