Мәдениет және спорт министрлігі мен оның комитеттері мемлекеттік қызметтің 15 түрін көрсетеді. Қолданыстағы Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство баспасөз қызметі.
Мысалы, министрлік пен оның комитеттері қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол берген. Іріктеу тексеру барысының өзінде 190-нан астам осындай фактілер анықталды. Сонымен қатар, қызмет алушылар пакеттерінде мемқызмет стандартында көзделмеген құжаттар анықталған. Яғни, мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде артық құжаттар талап еткен.
Сондай-ақ, Агенттік бос мемлекеттік лауазымға байқау өткізу талаптарын, мемқызметшілерді дайындау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру қағидаларын, ант қабылдау қағидаларын және т.б. бұзу фактілері анықталды.
Мысалы, Мәдениет және спорт министрлігінде 2015 жылғы қаңтарда конкурс барысында 77 кандидатпен сұхбат жүргізілген. Бұл ретте әңгімелесу хаттамасын ресімдемеген. Сонымен қатар, 37 кандидатпен аудиожазба жоқ. Сондай-ақ сұрақтар тең қойылмаған, бекітілмеген тізбеден сұрақтар қойылған.
Тексеру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді. Талдау барысында 10-нан астам «жасырын» мемқызмет (министрліктің стандарттауға жататын, оның ішінде рұқсат беру функциялары) анықталды.
Талдау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың пайдалануы табыс алуға әкелетін мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бөлігін бұзушылықтар анықталды.
Бұзушылықтарға жол бергені үшін министрлік пен оның ведомстволарының 12 лауазымды тұлғасы мен қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Агенттік анықталған бұзушылықтарды, оларды жасауға жол беретін себептер мен жағдайларды жою мақсатында тиісті ұсынымдарды пысықтады. Осының негізінде МСМ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жауапты лауазымды адамдар мен нақты мерзімдерін көрсете отырып, шаралар жоспарын бекітті.
Жарты жылдық негізде министрлік шаралар жоспары мен агенттік ұсынымдарын орындағаны туралы есеп беретін болады.