деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Дөңгелек үстел барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша сыбайластықтың мінездемесі мен түсінігіне тоқталып, «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңы мен «Еңбек Кодексіне» енгізілген өзгерістермен таныстырды. Аталмыш шара Департамент қызметкерлері тарапынан қойылған ұтымды сауалдарына құқық қорғау өкілдерінен тұжырымды жауап алып, пікір алмасумен аяқталды.