«2015-2025 жылдарға арналған сыйбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын талқылауда 800 мың адам - барлық бастапқы партиялық ұйымдар, филиалдар қамтылды. Аймақтардың саяси кеңестерінде нақты ұсыныстар енгізілді, бағдарлама қолдауға ие болды. Яғни, аталған бағдарламаны талқылай отырып, біз қоғамның пікірін өзгерте бастадық. Себебі, адамның ойы мәселе ашық талқыланғанда өзгереді», - деді ол. Б.Байбек партияның 800-ден астам түрлі ұсыныстар алғанын және бағдарлама жоспарының 40 пайызға дейін қайта жасалғанын атап өтті. «Яғни, бұл бағдарламаның жартысына дейін өзгертілді. Ол құрылымы бойынша жақсарып, нақтылана түсті. Нақты, құнды тілектер мен ұсыныстар назарға алынды», - деп түйіндеді ол.
14:55, 02 Қазан 2014
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын талқылауға 800 мың қазақстандық атсалысты - Б.Байбек
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын талқылауға 800 мыңнан астам қазақстандық қатысты. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады.