«Жыл сайын сыбайлас жемқорлықпен күресу фактілері көбейіп жатыр. Өйткені бұны жемқорлықпен күресетін құқық қорғау органдары жұмысының нәтижесі деп айтуға болды. Сондай-ақ халқымыз бұрынғыға қарағанда осындай мәселеге басқаша көзқарасты қалыптастырды. «Нұр Отан» партиясы жанындағы қоғамдық кеңес жұмысының нәтижесінде осындай дертпен күрес тұрғысында халықты оята бастадық деуге болады»,-деді депутат.
«Қазіргі кездегі ахуалды байқайтын болсақ, азаматтардың өздері құқық қорғау органдарына келіп, пара сұрап отырған адамдардың әрекеттерін әшкерелеп жатады. Бұны да соңғы кездегі жаңа көрініс деп айтуға болады. Атап айтқанда, заң бәріне бірдей. Сондықтан жемқорлықпен күрес бағытында лауазымды адамдар да құрықталып жатыр»,- деп түйіндеді О. Әбдікәрімов.