08:22, 06 Сәуір 2009
Сычуаньда жер сілкінді
БЕЙЖІҢ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат - Дүйсенбіге қараған түні Қытайдың Сычуань провинциясында магнитудасы 4,6 балды құрайтын жер сілкінісі орын алды, қираулар туралы ешқандай ақпарат түскен жоқ,
деп хабарлайды «Сина» порталы жергілікті сейсмологиялық басқармаға сілтеме жасап. Қытай уақыты бойынша түнгі сағат 00:47-де (Астана уақыты бойынша 23:47) тіркелген зілзаланың ошағы Бэйчуань уезінде болған. 2008 жылы мамырдың 12-сінде Сычуаньда болған күшті жер сілкінісінің салдарынан дәл осы аймақ қатты зардап шеккен болатын. Зілзала салдарынан опат болған 70 мың адамның 15 мыңы осы Бэйчуаньда үйінділердің астында қалып қойғандар еді. Әлі күнге дейін із-түзсіз санатында жүрген 20 мың адамның 4 мыңнан астамы осы уездің тұрғындары. «Сина» порталының хабарлауынша, түндегі сілкініс провинцияның әкімшілік орталығы Чэнду қаласында да сезілген.