Сымбат Қанай Еуразия ұлттық университетінің студенті емес – ЖОО баспасөз қызметі
17:22, 16 Тамыз 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуразия ұлттық университеті Сымбат Қанайдың ЕҰУ студенті екендігі туралы ақпаратты жоққа шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік желі мен БАҚ-тағы Сымбат Қанай жайлы ақпаратқа байланысты төмендегіні хабарлайды:
Сымбат Қанай Еуразия ұлттық университетінде ешқашан оқыған емес және ЕҰУ студенті болып табылмайды. БАҚ-та жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Ұлттық тестілеу орталығы б иыл Ұлттық бірыңғай тест тапсыру кезінде заң бұзған 19 талапкердің нәтижесін жойылғанын мәлім етті.