Сымбатты боксшымыз келесі жекпе-жегін кейінге қалдырды
Бұл туралы оның менеджері Сергей Завилейский БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мәлімдеді.
Менеджердің айтуынша, Фирузаның келесі айқасы 1 сәуірге жоспарланған. Алайда, ресейлік Юлия Чернобородовамен кездескенге дейін алған жарақатына байланысты, оған біраз уақыт емделуге тура келеді.
Шәріпова ресейлік боксшымен жекпе-жегінен кейін медициналық тексерістен өткен. Онда дәрігерлер боксшы қызға 21 күн бойы жұдырықтаспауды, яғни спарринг өткізбеуге кеңес берді. Енді Фируза шаршы алаңға 22 сәуірден кейін оралады.
Естеріңізге сала кетейік, 4 наурыз күні Балашиха жерінде Фируза Шәріпова ресейлік Юлия Чернобородовамен күш сынасып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жеткен болатын.
22 жастағы Шәріпова - Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері.