«Сырдың сырлы шежіресі» және «В газетных строчках - летопись области» деп аталатын бұл кітаптардың айтатыны да, беретіні де көп. Аталған газеттердің редакторлары Ж.Әбдіраман мен Т.Касымовтар қос газеттің тарихынан сыр шертті.
Сондай-ақ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шаухаманов, «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясы - ғылыми-анықтамалық баспа мекемесінің бас директоры Б.Жақып, Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры Н.Омашев сынды белгілі қаламгерлер жаңа кітаптардың тұсаукесерімен құттықтады.
Екі газеттің мерейтойына арнайы келген қонақтар салтанатты шарадан кейін қаланың көрікті жерлерін аралады. Іс-шаралар бағдарламасы «Сыр медиа» ЖШС-да жалғасын тапты. Ол жерде меймандарды журналистердің жұмыс орындарымен танысты. Қонақтар ерекше назарын аударған фотокорреспонденттердің аймақтың қалыптасу тарихы мен кәсіпорынның дамуынан сыр шертетін фотоларынан дайындалған көрме болды.
Сонымен қатар, мерейтойға арнайы келген меймандар жаңа заманғы технологиялармен жабдықталған баспахананың жұмысымен танысты. Қос басылымның мерейтойына арналған шаралар бүгін жалғасатын болады.