Сыр бойы жастарының кәсіби тәжірибе алуына қаралған қаржының 58,8 млн. теңгесі толықтай игерілді
08:37, 20 Қыркүйек 2010
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 20-cы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында «Жастар тәжірибесі» әлеуметтік бағдарламасына үстіміздегі жылы 700 адамға 84 млн. теңге бөлінген еді.
Бүгінгі күнге дейін Сыр жастарының кәсіби тәжірибе алуына қаралған осы қаржының 58,8 млн. теңгесі толықтай игерілді.
Аталмыш бағдарлама облыста екі жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Қазіргі уақытта 18 жас маман «Жастар тәжірибесі» шеңберінде тұрақты жұмысқа орналасты.