Осыған орай, 31 наурыз күні аймақтағы жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студент-жастары арасында бокстан университеттің ашық біріншілігі басталды, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
Турнирдің қадірлі мейманы - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Сидней Олимпиадасының Халықаралық дәрежедегі AIBA төрешісі, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Олимпиада резервін даярлау орталығы директорының кеңесшісі Серік Әбденалиев.
Университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры, бірінші проректоры Абайбек Жүнісов жарыс жолындағы азаматтарға сәттілік тіледі.
Боксшылар 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсетін болады. Спартакиадаға барлығы 9 команда қатысуда. Олар, атап айтсақ, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің командасы; «Болашақ» университеті мен «Болашақ» колледжінен құралған құрама команда; «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты мен Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінен құралған құрама команда; М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің командасы; И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда агротехникалық колледжінің командасы; Қызылорда медициналық колледжінің командасы; Қазақ гуманитарлық, заң және техникалық колледжінің командасы; Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің командасы және «Абылай хан» колледжінің командасы.
Турнир 2 сәуірге дейін жалғасады.