Жыл басынан бері көші-қон комитеті облыс бойынша департаментінің жанынан құрылған комиссияның 7 отырысы өткізіліп, нәтижесінде құрамында 420 адамы бар 85 отбасы 2010 жылдың квотасына енгізілді. Оның ішінде Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей Федерациясы мен Моңғол Халық Республикасынан келетіндер бар.
«Оралмандарға көмек көрсету» бағдарламасы бойынша есепті мерзімге жоспарланған 57,2 млн. теңгенің 50,8 млн. теңгесі игерілді. Осы арқылы бүгінгі күні 54 отбасы көшіп келу шараларына бөлінетін жәрдемақымен қамтамасыз етілді.