Биыл аймақта 77 мың гектар жерге күріш егілді. Облыс диқандары үшін жанар-жағармай тапшылығы, тұқым жетіспеушілігі деген мәселелер қазір ұмыт болды. Ендігі міндет - техникалық базаны жүйелеу. Облысқа келіп жатқан шетелдік машиналардың бізге жарамдысын әрі қолайлысын таңдап алып, соларды өзімізде жөндейтін орталық ашу болып табылады.
12:45, 27 Тамыз 2010
Сыр бойында күрішке жаппай орақ түсті
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Сыр бойында өңірдің басты дақылы - күрішке орақ түсті. Кеше осыған арналған рәсім Сырдария ауданында өткізілді.