Жеті күнге созылған бұл чемпионатқа еліміздің 12 аймағынан командалар қатысты. Біріншілік жоғары және бірінші топ командалары арасында өткізілді.
Сыр бойынан барған көкпаршылар бірінші топта сынға түсіп, екінші орынға ие болды. Бірінші орын Алматы, үшінші орын Батыс Қазақстан облысының спортшыларына бұйырды.
Жоғары лигада Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласының шабандоздары жүлделі орындарды өзара бөлісті.