«Сыр елі - достық мекені» достық керуені ҚХА жылына орай мерекелік шара ұйымдастырды (ФОТО)
2015 жылдың 23 маусымында Қызылорда қаласының демалыс паркінде Достық керуенінің ҚХА 20 жылдығына арналған мерекелік бағдарламасы ұйымдастырылды. Бұл туралы облыстық Ассамблея хатшылығының баспасөз қызметінен хабарлады.
Концертке жиналған қауымға Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты мен міндеті, атқарып жатқан қызметі туралы айтып, ең басты байлығымыз - бірлік пен қоғамдық келісімді сақтау мен нығайтуға шақырды.
Көңілді шарада түрлі ұлт өкілдерінің әндері шырқалып, билері биленді. Сонымен қатар концерттік бағдарламаға Бекзат Молдабергенов, «Қорқыт құрамасы» КВН командасы, т.б. өнерпаздар өз өнерін көрсетіп, еліміздегі тыныштық пен татулық, бірлік пен берекені бағалаудың маңызды екенін атап өтті.
Алдағы уақытта Достық керуені өз жұмысын жалғастырады.