«Сыр маржаны» үгіт бригадасы ауылдарды аралады - Қызылорда облысы
16:22, 29 Маусым 2010
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда облысындағы Шиелі аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Сыр маржаны» мәдени-үгіт бригадасы ауылдарды аралап, Елбасы Жолдауын насихаттады.
«Елбасы Жолдауы - дамудың асыл арнасы» тақырыбымен жолға шыққан өнерлі өрендер Қарғалы, Төңкеріс, Жиделіарық, Байсын ауылдарының тұрғындарын ән-жырларымен сусындатты. Шығармашылық ізденіс үстінде екендіктерін паш еткен үгіт бригадасы жаңа сапарға дайындалуда.