Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мира Әбуова осы және басқа да жаңалықтарды айтып берді.
«Өткен жылы алыс-жақын шет елдермен мәдени байланысты нығайту мақсатында облыстық филармонияның «Томирис» би ансамблі Түркияда, АҚШ-тың Нью-Йорк, Вашингтон қалаларында өткен Наурыз мерекесіне қатысып, өнер көрсетті. Филармонияның өнер ұжымы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ресейдің Орынбор қаласында, Ташкентте, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Тараз қаласында және арнайы мерекелік бағдарламалармен елді мекендерде гастрольдік концерттер ұйымдастырды. Аталған жұмыстар 2017 жылы да өз жалғасын тауып, облыстық театр және филармония ұжымдары Әзербайжан Республикасының Баку және Шеки қалаларында өнер көрсететін болады», - деді сала басшысы.
21:35, 12 Қаңтар 2017
Сыр өнерпаздары Әзербайжан елінде өнер көрсетеді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы облыстық театр және филармония ұжымдары Әзербайжан Республикасының Баку және Шеки қалаларында өнер көрсететін болады. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі хабарлады.