Сыр өңірінде ауыл жастарына әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жобасы қолға алынды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. 6 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада жастар ұйымдарының жетекшілері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді.

Облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған бұл шараға облыс орталығындағы жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Мәслихатта «Қызылорда жастары» қауымдастығының атқарушы директоры Батыржан Ибрагимов ұйымның биылғы жылдың еншісінде тұрған негізгі міндеттеріне тоқталды. «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі Жандос Түсмағанбетов «Сыр үміті» жастар сыйлығын тағайындаудың жай-жапсары жайлы әңгімеледі. «Ұлағат ұландары» жастар бірлестігінің төрайымы Алмагүл Аяғанова биылғы жылы өздері жүзеге асыратын жобалардың әлеуметтік мәніне талдау жасады. «Туған жер» қоғамдық қозғалысының төрайымы Құралай Ерімбетова жиналғандарды ауыл жастарына әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жобасымен таныстырды.

Мәслихатта жастар ұйымдарының жетекшілері ақпарат құралдары өкілдерінің көптеген сұрақтарына жауап берді.