деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Отырыста облыс әкімі Болатбек Қуандықов Мемлекет басшысының «Жол картасы» бағдарламасы аясында дағдарысқа қарсы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаржыларға қатаң бақылау жасалып отырғанын жеткізді. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 5,1 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 3,2 млрд. теңге бөлінген. Қазіргі таңда аталған қаржының 5 млрд. теңгесі игерілді.