Сыр өңірінде кәсіптік және қайта даярлау оқулары жүйелі түрде жүргізілуде

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы бойынша биыл кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 40,2 млн. теңге қаралған, оқу курстарына 851 адам жолданып, 840-ы сертификаттарын алды. Оның ішінде 313 шағын несие алды. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Үстіміздегі жылы несиелендіруге 2349,5 млн. теңге қаралып, жыл басынан 1045 адамға несие беріліп, 1308 жаңа жұмыс орындары құрылды.Бағдарламаның үшінші жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге - 2289,9 млн. теңге, соның ішінде, кәсіптік даярлауға 276,0 млн. теңге бөлініп, 1004 адам қыркүйек айында оқуға жолданған. Қайта даярлау курстарына 515 адам жолданса, оның 476-сы оқуын аяқтап, 216-сы жұмысқа орналасты. Біліктілігін арттыру курстарына 226 адам жолданып, оқуын 203-і бітіріп, 93-і жұмыспен қамтылды. Жыл басынан 678 мекеме, кәсіпорындарға 2227 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып (жоспар -1262 адам) оларға 231,3 млн. теңге қаржы төленді. Мерзімі аяқталған 399 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Нәтижесінде 774 мекеме, кәсіпорындарға 1817 адам жастар тәжірибесіне жолданып (жоспар - 1261 адам), оларға 221,1 млн. теңге қаржы төленіп, мерзімі аяқталған 292 бағдарлама қатысушысы тұрақты жұмыспен қамтылды.