Сыр өңірінде орман-тоғайлы алқаптарды өрттен қорғаудың шаралары жасалып жатыр

None
None

ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облыстық орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің орманды алқабы 3 млн. 738 мың гектарды құрайды. Осы алқаптың өртке шалдығу мүмкіндігін жою мақсатында мұнда бүгінгі күнге дейін 4745,5 шақырым жер жыртылып, минералды жолақ жасалды. Сонымен қатар өткен жылдардағы жалпы ұзындығы 1036 шақырым жер мен жаңадан жыртылған 174 шақырым жолақ бақылауға алынды. Әдетте минералды жолақтар, яғни жер жырту жұмыстары өрт бола қалған жағдайда оттың өршімеуін тоқтату мақсатында жасалады. Бүгінде оның енін кеңейту ісі қолға алынды.