Сыр өңірінде туберкулез дертіне шалдыққандар саны едәуір төмендеді
12:26, 06 Сәуір 2012
ҚЫЗЫЛОРДА. 6 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында «Мен туберкулезді тоқтата аламын» деген атпен басталған туберкулез ауруына қарсы айлық мәресіне жетті.
Айлықтың қорытындысы бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылары баспасөз мәслихатын өткізді. Онда аймақта өкпе ауруын азайту бағытында біршама пәрменді жұмыстардың жүргізіліп жатқаны айтылды. Облыста ерте диагностиканы қолға алудың, дер кезінде емдеудің, сондай-ақ туберкулезбен сырқаттанушыларды сауықтырудың мүмкін болған барлық шаралары қарастырылуда. Осының нәтижесінде бірқатар оң нәтижеге қол жете бастады. Мәселен, облыста бұрнағы жылы туберкулезбен ауырушы 747 адам тіркелсе, былтыр бұл мөлшер 55-ке азайған.
Мәслихатта денсаулық сақтау саласының басшылары журналистер қойған көптеген сұрақтарға жауап қайтарды.