Сыр өңірінде жұмыссыздық деңгейі азаймай отыр
10:58, 23 Маусым 2010
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысында үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында жұмыссыздар саны 19,4 мың адам болған еді.
Экономикалық белсенді халық санына шаққанда жұмыссыздық деңгейі 6,2 пайызды құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2010 жылдың сәуір айының соңына қарай 2,8 мың адамға жетіп, экономикалық белсенді халық санына шаққанда 0,9 пайызды құрады.