Сыр өңіріндегі басты науқанның алдында биыл өсірілген күріштің 64,5 пайызының шығымы жақсы деп бағаланып отыр
тағы 2 мың гектар шамаласының шығымы төмен деп танылған. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Б.Жахановтың дерегі бойынша сонымен қатар биыл облыс аумағында 308 мың тонна өнім жиналуы тиіс.
Қазіргі есеп бойынша шаруашылықтарда 22,7 мың гектар алқаптың суы тартылған. Алдын ала жасалған кестеге сәйкес 20 тамыздан бастап күрішке орақ түсіп, бастыру жұмыстарын қазанның алғашқы онкүндігінде аяқтау жоспарлануда. Науқанға қажетті 445 комбайн, 395 жатка, 389 автокөлік пен 941 трактор тіркемесі қазір 94,6 пайызға әзір.
Сонымен қатар биыл «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингтік жолмен 51 жаңа комбайн алуға тапсырыс берілді. Қазір соның 15-і облысқа жеткізілсе, қыркүйек айында жаңа техникалар толық келіп болады. Сондай-ақ егін орағына қажетті 16 мың тонна дизельдің 37,8 пайызы, 3,2 мың тонна бензин мен 0,9 мың тонна қою майдың тең жартысынан астамы дайындалды.