Сыр өңіріндегі қаламы ұшқыр қыз-келіншектерге құрмет көрсетілді
09:05, 08 Наурыз 2013
ҚЫЗЫЛОРДА. 8 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше Қызылордадағы Студенттер сарайында облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова Сыр өңіріндегі қаламгер қыз-келіншектерді көктемнің мерейлі мерекесімен құттықтады.
Жиында Ақмарал Шәріпбайқызы сөз алып, ел ішіндегі жылт еткен жаңалықтарды жұртшылыққа дер кезінде жеткізуге асығатын нәзік жандардың еңбектеріне табыстар тіледі.
Емен-жарқын кездесу соңында жиналғандарға гүл шоқтары ұсынылып, сый-сияпат көрсетілді.