«Бүгінгі таңда облыста барлығы 103 Ұлы Отан соғысының қатысушысы тұрады. Біз бұл адамдарға көп көңіл бөлеміз. Олардың арасында баспанаға мұқтаж жандар жоқ», - деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Руслан Рүстемов.
Ол сондай-ақ соғыстан кейін Қызылорда облысында тұрған және осы аймақта тұрып келе жатқан ардагерлер туралы кітапты Жеңіс күніне арналған мерекелерге дейін жарыққа шығару жоспарланып отырғанын жеткізді.