Жекелей есепте 38 келіде Теміржан Руслан, 55 келіде Бақдәулет Төлешов және Бекжан Төлепов, 66 келіде Наурызбек Мамыт пен Рахманберді Әбдірашит 73 келіде Асылжан Бақытжанұлы. жеңімпаз атанды.
Күміс жүлдені 46 келіде Дәулет Тұрғанов жеңіп алды.
Сонымен қатар қола жүлдені 51 келіде Ерасыл Зейноллаев, 60 келіде Арман Жалғасбекұлы, 64 келіде Абылайхан Жұбаназар, 73 келі: Еңбек Сақтағанов, 81 келіде Нұрберген Алдаберген иеленді.
Сондай-ақ, №1 облыстық олимпиадалық резерві мектебінің спортшысы Нұрбек Дариялов «Түйе палуан» сайысында қола жүлдені иеленді.
Спортшыларды жарысқа қазақ күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Берік Қасымбеков дайындады.