Бұл көрсеткіш бойынша Чехия барлық елді артта қалдырды. Орташа есеппен алғанда оның тұрғыны жылына 148 литр сыра ішетін көрінеді.
Австралия екінші орында. Мұнда бір адам жылына 107 литр аталған ішімдікті пайдаланады, деп жазды Kedem порталы. Одан кейінгі орындарға Германия (106 л), Эстония (102 л), Польша (98 л) және Ирландия (98 л) жайғасты.
Рейтингтің соңында, яғни 49 және 50 орында - Шри-Ланка мен Үндістан. Мұндағылар жылына ең көп дегенде 2 литр ғана ішеді екен.