Заң жобасы сыртқы барлаудың және арнаулы мемлекеттік органдардың субъектілері үшін басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құжаттарын дайындау, рәсімдеу құқығын ұлттық қауіпсіздік органдарына бекіту нормалары қарастырылады. Бұдан бөлек, ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары және ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарын сыртқы барлаудың субъектілері ретінде айқындалатын болады. Сонымен қатар, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органның құзыреті нақтыланады.
Барлау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке басын жедел бүркемелеу мақсатында басқа мемелкеттік органдар мен ұйымдардың құжатын дайындау, оны рәсімдеу құқығы ұлттық қауіпсіздік органдарына бекітіледі.
«Жедел іздестіру қызметінің субъектілеріне арнайы жедел іздестіру іс-шараларын техникалық жүзеге асырудағы өкілеттіктер шектеледі», - деді ҚР «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары Ғабит Байжанов.