Сырдария ауданында биыл «Жол картасы» бағдар­ламасы бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) -  Сырдария ауданында  биыл «Жол картасы» бағдар­ламасының инвестициялық бағыттары бойын­ша 13 жоба қаржыландырылып, ауқымды жұмыстар атқарылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осының арқасында барлығы 811 жаңа жұмыс орын­дарын ашу жоспарланған. Осы мақсатта рес­публикалық бюджеттен 436,8 млн., облыстық бюджеттен 10,5 млн. теңге қаралған. Соның ішінде 6 жобаны қаржыландыруға бөлінген 188,2 млн. теңге облыстық басқармалар ар­қы­лы игерілсе, қалған 259,1 млн. теңгеге 7 жо­ба жүзеге асырылған. Бұл тұрғыдан Іңкәр­дария, О.Мәлібаев, С.Сейфуллин ауылдарын және Тереңөзек кентін электр жарығымен қамтамасыз ету, «Самара-Шымкент-Тереңөзек» автожолының 10 шақырымын, Шаған ауыл­дық ауруханасын күрделі жөндеу жұмыс­тары жүргізілді. Оған қоса, «Самара-Шым­кент-Жаңадария» автожолы, Тереңөзек кентіндегі автомобиль жолдарын жөндеу мен абаттан­дыру, көшелерін жарықтандыру, кенттегі №35 орта мектеп пен А.Тоқмаған­бетов ауылындағы білім ғимаратын жөндеу, №174 орта мектеп жанынан шағын орталық ашу мен Шіркейлі ауылындағы білім ордасын күрделі жөндеу жұмыстары өз деңгейінде жүргізілді. Осы арқылы ауданда 692 жаңа жұмыс орындары ашылып, өз кезегінде жұмыссыз­дық деңгейінің төмендеуіне игі ықпал етті.