Бүгін Ә.Тыныбаев атындағы Қазалы су торабының деңгейі көтеріліп, дария бойындағы қорғаныс бөгеттеріне қауіп төндірді. Сондықтан осы аумаққа жақын орналасқан Мортық, Балықшылар учаскелерінің тұрғындарына ескерту жасалып, төрт түлік мал уақытша қауіпсіз аймаққа көшірілген.
«Орын алған жағдайға байланысты, облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов бастаған тиісті мекеме басшылары тікұшақпен оқиға орнына жетті»,- деді әкімнің баспасөз қызметінен.
Қазіргі таңда ауданның азаматтық қорғау қызметтерінің күшімен дария бойында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр.
Әділет ҚАҢТАРБАЕВ