Сырдария өзеніндегі бөгеттің бұзылуы салдарынан адамдар тұрмайтын 35 нысан су астында қалды
08:34, 28 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат - Мұз кептелуі салдарынан Сырдария өзенінен шығатын арық суының бөгеті бұзылып, 20 саяжай үйшігі мен 15 шаруашылық нысан су астында қалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, өткен сенбі, желтоқсанның 26-сы күні таңғы сағат 8-де Қызылорда қаласында Сырдария өзенінен бастау алатын арықтың бөгеті бұзылып, «Весна» бағбандық қоғамының тұрғын емес 35 нысаны су астында қалған.
«Су шайған аумақтың көлемі шамамен 1 гектарды құрайды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.
Сол күнгі түскі сағат 15.25-те бөгетті қайта қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталды.