Сырдария өзеніне 5 жасар бала мен әкесі батып кетті

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Түркістанда  Сырдария өзеніне  5 жасар бала мен әкесі батып кетті. Қазір өңірдің судан құтқарушылары әкесінің денесін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, әкесі баласымен 7 маусым күні шомылуға барған. Кешкі сағат 19.20-ларда абайсызда суға батып кеткен.

«7 маусым күні сағат 20:45-те Түркістан қаласы, Үшқайық ауылы маңындағы  Сырдария өзеніне батып кеткен 1981 жылы туған ер азаматтың және 2013 жылғы баланың денесін іздестіру жұмыстарына ОҚО ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ (5 қызметкер, 1 дана техника және  1 қайық) аттанды», -  делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, кеше, 8 маусым күні түнгі сағат 01:30 шамасында 20 адамнан тұратын туыстары бес жасар бүлдіршіннің денесін судан тауып шығарған. 37 жастағы әкесінің денесін іздестіру жалғасуда.