ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 11 адам 4 ағайынды отбасының мүшелері болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сырдария өзеніне демалуға барған азаматтардың жалпы саны 20 болған. Яғни, 4 ағайынды отбасының мүшелері табиғат аясында тынығуға шыққан.
Олар - Отырар ауданына қарасты Көксарай ауылының тұрғындары.
Содан суға түсуге арналмаған орында шомылған 11 адам батып кеткен.
«Қосымша іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға болған жерге Түркістан облысы әкімінің екі орынбасары, Отырар ауданы әкімдігі, АПБ, ТЖБ қызметкерлері, еріктілер жолданды. Қосымша ақпарат оқиғаның мән-жайы анықталуына қарай ұсынылады» делінген Түркістан облысы әкімдігі таратқан ақпаратта.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.